- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Түсіме кіреді". Оралда...
"Түсіме кіреді". Оралда 1,5 ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылмай жатыр
Орал қаласының тұрғыны Ирина Ярикова ағасы Николай Яриковты бірнеше күннен бері таба алмай жүргенін айтып, көмек сұрады. Ер адам 2023 жылы 24 қарашада жоғалып кеткен. Әйел адамның сөзінше, ер адам психиатриялық диспансерде есепте тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
"Соңғы рет ағамды сол күні кешкі тоғыз шамасында көрген. Ағам жолдағы дүкенге кіріп, жол сұраған. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Алғашқы күндері іздеу жұмыстары белсенді жүргізілді. Полицейлер, құтқарушылар мен әскерилер тартылды. Түсіме де кірді, сурет телеарналар арқылы көрсеткенімді қалады. Оны біреу шалғайдағы шопанның үйіне апарып, жұмыс істеткізіп жатқан сияқты", - дейді Ирина Ярикова.
Николай Яриковтың бойы шамамен 165 сантиметр, арықтау келген. Көзі қоңыр, қасы қара.
Ирина Ярикова ер адамды көрген адамдар 8-(776)-167-05-82 нөміріне хабарласуын сұрады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина