Актриса Дариға Бадықова "Таңшолпан" бағдарламасында бала кездегі арманын бөлісті. Оның айтуынша, жақында Үндістанда сол арманы орындалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үндістан десе санамызда 96-97 жылдардағы түнгі он жарымда берілетін үнді фильмдері еске түседі. Үнді фильмдерін көріп, армандап кететінбіз. Әсіресе, үнді фильмдеріндегі биге қызығатынмын. Қалай бірдей билейді? Көйлектері қандай, сарилері не деген әдемі? Мен басты актриса болып тұрсам, артымда қыздар билесе деп армандайтынмын. Сол арманым орындалды. Түсімдегідей болды. Әрине, оның бәрін парақшама салған жоқпын. Оны фильм шыққан соң, бірге отырып көреміз", - деді актриса сұхбатында.
Желі қолданушылары фильмді асыға күтетінін айтып, пікір қалдырған.
Еске салайық, Дариға Бадықова Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Үндістанда" фильміне түсті. Жақында туынды көрермендерге жол тартады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!