Түскен ақшаның 50 пайызын алып отырған: Өскеменде притон ұйымдастырған жеңгетай ұсталды

Фото: ІІМ

Шығыс Қазақстан облысында притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Интим қызмет көрсететін қыздар ұйымдастырушыға түскен соманың 50 пайызын беріп отырған. Жедел іздестіру іс шараларын өткізу барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырған және ұстаған деген күдікпен Өскемен қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Оның тыйым салынған электрон сайтта қыздардың ер адамдарға интим қызмет көрсететіні туралы сауалнамалар орналастырғаны анықталды. Жеңгетай барлық тапсырысты өзі қабылдаған, клиенттерді жалдамалы пәтерлердегі бос қыздарға жіберген. Қыздар әр мәміледен кейін түскен ақшаның 50 пайызын беріп отырған", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова