Түскен ақшаны букмекерлік кеңсеге жұмсаған: Астана тұрғыны емшімін деп TikTok-та жұртты алдаған

Түскен ақшаны букмекерлік кеңсеге жұмсаған: Астана тұрғыны емшімін деп TikTok-та жұртты алдаған
Фото: depositphotos.com

Астанада TikTok желісіндегі "емші" сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Астана тұрғыны TikTok желісінде өзін емші ретінде таныстырып, парақша ашқан. Ол экстрасенс қабілеті арқылы емдеу қызметін ұсынған.

Кейін әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселе барын біліп, өзін ерекше қабілетке ие адам ретінде көрсетіп, ақшасына емдей алатынына сендірген.

Осылайша күдікті 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшаны алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерге жұмсаған.

Сот отырысы

Мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелді ұсынған. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген.

Сот үкімімен ол 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget