John Lewis Finance компаниясы Мишлен гидіндегі 16000 мейрамхананы талдап, келушілер орташа есеппен 35 еуродан (шамамен 17000 теңге) толық түскі асқа тапсырыс бере алатын мейрамханалары бар елдерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Зерттеуге Мишлен жұлдызды мейрамханалар ғана емес, сонымен қатар Green Star және Bib Gourmand сияқты басқа да беделді марапаттарға ие болған мейрамханалар кірді.
Мишлен мейрамханалары бірнеше онжылдықтар бойы авторлық тағамдарымен, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетулерімен және маңғаз интерьерлерімен ерекшеленіп келеді.
Ең арзан Мишлен мейрамханалары бар қалалар рейтингінде Токио мен Сеул көш бастап тұр. Ал елдерге келетен болсақ Италияда бұл атақты алған 230 мейрамхана бар екен.
Ең арзан Мишлен жұлдызды мейрамханалары бар 10 ел:
Италия (230 мейрамхана).
Жапония (177 мейрамхана).
Сингапур (150 мейрамхана).
Франция (140 мейрамхана).
Тайланд (125 мейрамхана).
Испания (118 мейрамхана).
Тайвань (113 мейрамхана).
АҚШ (80 мейрамхана).
Германия (68 мейрамхана).
Қытай (66 мейрамхана).
Ең арзан Мишелин жұлдызды мейрамханалары бар қалалардың тізімі келесідей:
Токио, Жапония (77 мейрамхана).
Сеул, Оңтүстік Корея (59 мейрамхана).
Осака, Жапония (46 мейрамхана).
Бангкок, Тайланд (43 мейрамхана).
Киото, Жапония (40 мейрамхана) және Тайбэй, Тайвань (40 мейрамхана).
Тайнан, Тайвань (35 мейрамхана).
Гуанчжоу, Қытай (24 мейрамхана).
Джорджтаун, Малайзия (23 мейрамхана).
Тайчун, Тайвань (22 мейрамхана).
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!