Айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Жандарбек Бұлғақовтың youtube-арнасына берген сұхбатында ауыр дерті туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бір әйел түс көріп, ауруының емі аян берілген.
"Бірде маған бір әйел хабарласып, "9 жыл зерттеп, жаңа дәрі ойлап шығардық, басқа жердің күрішінен шықпады, тек Бақанастыкінен ғана шықты" деді. Осы дәріні шығарған соң ол түс көрген екен. "Маған түсіме "Жүрсін Ерманға осы дәріні апарып бер, ем болады" деп аян берді" деп айтты. Бір айдан бері соның дәрісін ішіп жатырмын. Мені емдемеген емші қалған жоқ. Шүкір Аллаға, көптің тілегі қабыл болды ма, ажалдың ауызына барып-қайтып, "онда қызық ештеңе жоқ екен" деп аман жүріп жатырмыз", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!