- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Түс көрдім". Заманбек...
"Түс көрдім". Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі оның өлімін қалай естігенін айтты
Нұрбике Нұрқаділова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов өмірден өткен кезде қаралы хабарды қалай алғанын айтты. Ол бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, тосын хабарды баласының аузынан естіген.
"Қайратқа келіншектің (Мақпал Жүнісованың - еск.) әпкесі ме, сіңлілері ме, жұмысқа хабарласыпты. "Әкең атылып кетті" депті. Қайраттың төбесінен жай түсіп, бұл не деген сұмдық деп, маған хабарласты. "Мама, әкем атылып кетті" деді. Бір жерде қонақта отырғанмын. Мен жұмада түс көрдім. Зәкең баяғыдай келіпті. Бақанасқа, менің бауырымның үйіне келіпті. Ол кезде ағаш шарбақ қой, сол шарбақтың қасында тұр екен. Мен мына жақтан көліктен түсіп келе жатырмын, "мынау маған келгені несі" деймін. Кеткені есімде. "Бұл неге келді" дедім де, үйге кіріп кетейінші дедім. "Қой, ұят қой" деп, үйге кір деп айтайын десем, ол кісі екі бетімнің екі жағынан сүйді. Оянып кеттім. Таң атып қалыпты. Мына кісі менімен қоштасты-ау деп жорыдым. Сол кезде арқам мұздай болып кетті. Сенбіде хабар берді маған. Ол кісі жұмада кеткен. Өйткені Қайрат көрген кезінде денесінде қаны форма қатыпты. Құралай әкемді көрем дегенде, Қайрат жібермей қойған. Қайрат "Құралай көрсе, жүрегі ұшып кетер еді" дейді. Қайрат "өзім де жүрегім ұшты" дейді. Мен аурудан кетеді деп жүрмін ғой. "Атылып өлуі мүмкін емес" деп бақырып жібердім", - деп еске алды ол.
Айта кетейік, бұған дейін ол Заманбек Нұрқаділов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен қандай қарым-қатынаста болғанын да мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова