Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова желіде той мәдениеті жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер той-томалақтарға мобилографпен баратын блогерлерге және тойды видеоға түсіретін қонақтарға ерекше назар аударды.
"Той мәдениеті және мобилографтар мәдениеті деген ой біразыңыздың көкейіңізде жүрген де болар.
Жаз айлары, қазақтың қазынасы-той маусымы ғой. Балам қатарынан кем болмасын немесе біреудің тойының деңгейінен қалғымыз келмей үлкен қаржы жұмсар той жасаймыз. Қадірлі қонақтарымызды төрге шығарамыз, дастарханды дәмді тағамға толтырамыз, шоу-бағдарламаны ұйымдастырып қонағының көңілін көтеруге барымызды саламыз ғой енді. Сәйкесінше, қонақтар да барынша әдеміленіп, сыйлығын алып, уақытын бөліп келеді.
Айтайын дегенім, мобилографтарымен баратын блогер қонақтар немесе телефонға видеоға түсіретін қонақтар, той залында отырған басқа да қонақтарға кедергі келтіріп, тұрып алып, сахна жақты жаппасаңыздар екен. Әдемі әншіні, басқа да әдемі көріністерді қонақтар барлығы көріп, көңіл-күйлері жайлы болып отырғаны тамаша ғой.
Түсінемін, менде де мобилограф бар, маған да әдемі кадрлар керек. Бірақ, біреудің қақысына кірмеуіміз керек.
Келесі ойым, тойға баламен бару. Балаға да бұл той қызық емес, өзіңізді де шаршатады, қонақтардың да мазасын алуы мүмкін, той иесіне де ыңғайсыздық тудырары шындық (есептеулі орыны жетпей қалуы мүмкін, ойнап жүрген бала бірдеңеге ұрынып қалмасын деп алаңдап та қалады т.с.с.)
Өзімізден бастайық дегім келеді", - деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!