Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзов отандық Arunaz Atelier брендінің сән көрсетілімінде 1 миллион теңгеге ерекше пиджак сатып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандық Arunaz Atelier негізін салушы Назым Карпикова жақында сән көрсетілімін өткізіп, шоу бизнес жұлдыздарын кешкі асқа шақырды. Кеш қонағы ретінде танымал продюсер Баян Мақсатқызы мен оның күйеуі Тұрсен Алагөзов те шақырылған болатын.
Сән көрсетілімі шығармашылыққа, жаңалыққа толы болды. Бұл туралы әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Пиджакқа өз фантазиямызды салдық. Менікі өз атымды қалдыруға ғана жетті. Пиджакты аукционға қойды. Тұрсен мырза 1 миллионға сатып алды", - деп жазды әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!