- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрсен Алагөзов 48...
Тұрсен Алагөзов 48 жылдық брендтің жаңа қожайыны атанды
Фото:
instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов 48 жылдық тарихы бар Шымкенттегі сыра зауытын қайта іске қосып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Менің құрбым Динара Сәтжан қазір Шымкент қаласында атақты Шымкент сыра зауытының жаңа қожайынымен репортаж жасап жүр", - деп жазды ол.
Сәйкесінше танымал журналист Динара Сәтжан да Тұрсен Алагөзовпен бірге түскен суретін желіде жариялап, "48 жылдық тарихы бар брендтің жаңа қожайыны Тұрсен Алагөзовпен" деп жазба қалдырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева