Тұрмыстық химиядағы аулақ болу керек қауіпті ингредиенттер

Тұрмыстық химиядағы аулақ болу керек қауіпті ингредиенттер
Фото: pixabay.com

Үй жинау - өміріміздегі міндетті әрекеттің бірі. Денсаулығымыз үшін үйді таза ұстауымыз керек. Алайда дүкенге барғанда улы тазартқыш құрал алғанымызды байқамай қаламыз. Сондықтан тұрмыстық химияны таңдағанда оның заттаңбасын оқу маңызды. Мұндай құралдардың құрамында қандай заттар болмауы тиіс?

Хлор

Тазалық үшін күресте хлор - керемет көмекші: ол әртүрлі деңгейдегі ластықты жақсы жояды және залалсыздандырады. Алайда мамандар одан бас тартып, тиімділігі одан азырақ болғанымен, қауіпсіз затты таңдауға кеңес береді. Хлор – агрессивті зат, ол аллергиялық реакция беруі немесе қабыну тудыруы мүмкін. Тіпті, оны қолданғанда әркез қолғап кисеңіз де, оның буы тыныс жолдарына және шырыштыға түсіп, күйдіруі немесе тітіркендіруі мүмкін. Оған қоса, хлор ағзада жинала алады, сондықтан оны жиі қолдансаңыз, ол қауіпті аурулар тудыруы мүмкін.

Беттік белсенді заттар (ПАВ)

Беттік белсенді заттардың (ББЗ) молекулалары судың және майдың молекулаларымен бірігуге қабілетті. Сондықтан оларды көбіне кір жуғыш ұнтақтар мен басқа да жууға арналған құралдарға қолданады. ББЗ ағзадағы қышқылдық-қалыпқа келтіруші реакциялардың тиімділігін өзгерте алады, ақуызды, көмірсулы және майлы зат алмасуды бұзады. Олар иммунды жүйеде бұзылыс және аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Кей еуропалық елдерде жуғыш құралдарды өндіруде ББЗ қолдануға заңмен тыйым салынған.

Фосфаттар

Фосфаттарды тұрмыстық химияға жиі қосады, себебі олар ББЗ-лардың тиімділігін арттыра алады. Бірақ олар бірге оның ағзаға енуін де арттырады. Алайда, тіпті, ББЗ-сыз да фосфаттар ағзаға өздігінше зиян келтіре алады. Олар теріні құрғатады және майсыздандырады, жасушалық қабырғаларды және эпидермистің табиғи қорғанышын бұзады.

Лимонен

Бұл эфир цитрусты иіске ие, сондықтан оны хош иістендіргіштерге, ауа сергітушілерге және жуғыш құралдарға қосады. Алайда зерттеулер лимонен ауамен байланысқа түскенде формальдегидке айналатынын анықтаған. Формальдегид канцерогенді затқа жатады: ол ағза жүйелеріне зиян келтіреді.

Парабендер

Косметика құрамындағы парабендердің зияны жайлы жиі естуге болады. Сондықтан да қазір косметикалардың көбінің сыртынан "парабенсіз" деген жазуды көруге болады. Алайда көпшілік тұрмыстық химияның құрамын оқи бермейді. Себебі тұрмыстық химия құрамындағы парабендер де ағзаға зиян. Парабендер құралдардың жарамдылық мерзімін ұзартуға көмектеседі. Алайда ол гормонды фонға жағымсыз әсер етіп, эндокринді жүйе ауруларын тудыруы мүмкін.

А. Жапатова