- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрмыстық химия денсаулыққа...
Тұрмыстық химия денсаулыққа несімен қауіпті және оның зиянын қалай азайтуға болады?
Үйді арнайы тұрмыстық химиясыз тазалауды тіпті елестету мүмкін емес шығар. Кез келген үйде кір жуғыш ұнтақ, ыдыс жууға сұйықтық, арнайы майлық, еден жууға арналған және тағы басқа химиялық тазалағыш заттар бар. Бұл заттар үй ішінде тазалық орнатудың жақсы бір көмекшісі болғанымен, олардың құрамында адам денсаулығы үшін қауіпті элементтер болуы мүмкін.
Қандай заттар зиян келтіруі мүмкін?
Базарда сатылатын кейбір тұрмыстық химияның рұқсат қағазы, құрамы туралы ақпараты, тіпті шығарушы елдің аты жоқ. Ал дүкендерде сатылатын химияның сапасы туралы сертификаты болғанымен, бұл оны қауіпсіз ете қоймайды.
Денсаулыққа аса қауіпті зиян тигізуі мүмкін заттар мен қосылыстар:
- қышқыл;
- сілті;
- формальдегид;
- аммиак;
- хлор;
- мұнай дистилляттары.
Дегенмен бұл тазалауға арналған сұйықтық міндетті түрде зиян тигізеді деген сөз емес.
Тұрмыстық химия қандай зиян тигізуі мүмкін?
Тұрмыстық химия - ұнтақ, гель, паста секілді өнімдер түрлі форматта шығарылады, бұл оның қауіптілігіне әсер етпейді. Егер адам химияны дұрыс пайдаланбай, қауіпсіздік шараларын сақтамаса, дерматит, аллергия туып, тіпті тері күйіп қалуы мүмкін.
Химиядан терінің күйіп қалуы
Химия қолдану кезінде адам қолғапсыз жұмыс істесе, терінің күйіп қалу қаупі артады. Мысалы, раковинаның құбырын тазалау үшін арнайы сұйықтықты құйып, оны жалаң қолмен жусаңыз, теріңізге зиян келеді.
Химиядан асқазан-ішек жолдарының күйіп қалуы
Химиялық затты абайсызда ішіп қойсаңыз, асқазан-ішек жолдары күйеді. Мұндай жағдайларға әдетте балалар тап болады.
Химиядан өкпенің күйіп қалуы
Өкпеңіз химиялық өнімді иіскеген кезде күйіп қалуы мүмкін. Мысалы, бөлмеге шыбын, тарақандарды өлтіретін өнімді шашып, өзіңіз де сол иісті иіскеп, тыныс алып қойсаңыз, бұл өкпені зақымдайды.
Сонымен қатар, көбінесе адамдар химиядан күшті қышқыл не негізбен байланысқан кезде күйік алады. Себебі тырнақ бояуын өшіруге арналған сұйықтық, ағартқыш және кәріз тазартқыш құрамында сілті, қышқыл бар, ал кір жуғыш заттарда натрий, кальций гипохлориді болады.
Ауада ұшып жүретін органикалық қосылыстардың әсері көздің, мұрынның және тамақтың тітіркенуін ғана емес, сондай-ақ бас ауруын, жүрек айнуын және кейбір тыныс алу мәселелерін тудыруы мүмкін. Демікпе немесе созылмалы обуструктивті өкпе ауруы бар адамдар ерекше қауіпті аймақта. Өнімнің құрамында ауада ұшып жүретін арганикалық қоспаның тым көп екенін оның иісін сезіп те білуге болады. Мысалы, иіс тым күшті, мұрын мен тамақты тітіркендіріп жіберсе, оны сатып алмаған дұрыс.
Көздің ашуы, бас айналу және тамақтың қышуы хлорды тым көп иіскеп қойғаныңыздан болуы ықтимал. Хлор негізінен қауіпсіз саналғанымен, аллергия және тыныс алу мүшелерінің аурулары бар адамдарға өте қауіпті.
Тұрмыстық химияның зиянын қалай азайтуға болады?
Сенімді кәсіпорыннан алыңыз, әсіресе құрамын оқу керек. Иісі, түсі немесе жанғыш ингредиенті жоқ өнімді таңдаған дұрыс.
Химиялық өнімдерді араластырмаңыз. Мысалы, кір жу,ыш ұнтағы мен басқа гельді араластырсам, жақсырақ тазалайды деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ сіздің арнайы біліміңіз жоқ, сондықтан мұндай эксперимент жасамағаныңыз абзал. Өнімді қолданар алдын сыртындағы нұсқаулықты міндетті түрде оқыңыз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау:
- Құрамында ауада ұшып жүретін органикалық қосылыстары бар өнімдерді желдетілген бөлмеде пайдалану керек;
- құралдармен тікелей байланыста болмас үшін қолғап, респиратор, көзілдірік, бетперде немесе басқа жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз;
- балалар немесе басқа осал адамдар болған кезде тұрмыстық химияны қолданбаңыз;
- тазалау құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін тұрмыстық химияны алмастыра алатын 10 табиғи зат тізімі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңздар: Тәуелсіздік күні неге 16 желтоқсанда аталып өтеді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә