- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрмысқа шықпас бұрын...
Тұрмысқа шықпас бұрын білу керек нәрселер
Тұрмысқа шығуды кей қыздар кішкентай кезінен бастап армандайды, ал біреулер тұрмысқа шығу/шықпау жайлы аса ойланбай жүріп, кенеттен, серігін кездестірген кезде осы шешімді қабылдайды. Бұл екі жағдайда да тұрмысқа шықпас бұрын білу керек нәрселер бар. Себебі бұл психологиялық дайындықты қажет ететін маңызды шешім.
Асықпаңыз
Кей қыздар әлеуметтік қысымға ұшырап, жылдам тұрмысқа шығу керек деп ойлайды. Біздің қоғамда тұрмыс құрмаған қыздарға "ерекше" көзқарас бар екені және оларды "кәрі қыз" деп атайтыны өтірік емес. Алайда басқаның ойы үшін күйеуге шығуға асығудың қажеті жоқ. Сізге сай келмейтін, көзқарасыңызды бөліспейтін және үнемі проблема тудыратын адаммен бірге болғаннан гөрі жалғыз болған артық. Сізді бақытты етпейтін адаммен өміріңізді байланыстырудың қажеті жоқ. Оның біркүні өзгеретініне сену және үміттену - ол өз-өзіңізді алдау. Қазір бар проблема, болашақты жоқ болып кетеді дегенге ешкім кепіл бермейді. Сондықтан оған көнбеймін десеңіз, ары қарай жылжыңыз.
Серігіңіздің отбасы жайлы ойлаңыз
Сіз күйеуге шыққан кезде өміріңізге жаңа адамды ғана емес, оның отбасын да кіргізесіз. Сол адамдарды қабылдауға дайын болыңыз, себебі сіз болашақта олармен араласасыз. Сөзсіз, мұндай қарым-қатынастың өз артықшылықтары бар: қамқорлық және көмек. Бірақ кейде серігіңіздің отбасымен дұрыс емес қарым-қатынас екеуіңіздің өміріне жағымсыз әсер етеді.
Егер сіз оның отбасына ұнамай қалсаңыз, сол үшін сүйіктіңізден бас тартудың қажеті жоқ. Бірақ бұл жағдайда серігіңізбен отырып, сөйлесіңіз, ол сіздердің және отбасының өмірін айыра алуы және сізді мүмкін проблемалардан қорғай алуы керек. Егер серігіңіз өз отбасына және ондағы адамдардың ойына тәуелді болса, алдымен онымен сөйлесіп көріңіз. Егер еш нәтиже болмаса, күйеуге шығу сұрағын кейінге қалдырыңыз.
Жалғыз да өзіңізді жақсы сезінетініңізге көз жеткізіңіз
Өміріңізді біреумен байланыстырмас бұрын жалғыздықта да уақыт өткізе алатыныңызға көз жеткізіңіз. Толыққанды адам серігінен алыста болғанда және жылғыз қалғанда өзін жайлы және бақытты сезіне алады. Оны серігіңізге деген қызығушылықтың жоқтығымен шатастырудың қажеті жоқ. Егер сізде ішкі әлеміңізбен проблема бар болса немесе жалғыздық қорқынышы болса, алдымен одан арылу керек. Себебі отбасылық өмір оны ушықтырып, эмоционалды тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сондықтан ішкі әлеміңізді басқамен бөліспес бұрын жан-дүниеңіздегі проблемаларды шешіп алыңыз.
Серігіңіздің бала жайлы ойын біліңіз
Әр жұп әртүрлі. Отбасы құрмас бұрын неше бала қалайтындарыңызды айту міндетті емес. Алайда егер сіз немесе серігіңіз бала қаламаса, бұл жайлы алдын ала білген дұрыс. Мысалы, кейде әйел адам бала көтеріп, босанғысы келмейді. Сол секілді кей ер адамдар бала қаламайды. Егер бір-біріңіздің мұндай шешіміне келіспесеңіз, қарым-қатынасты жалғастырмай-ақ қойған дұрыс.
Біраз уақыт өткеннен кейін серігіңіз қандай болатынын елестетіңіз
Уақыт өте барлық адам өзгереді. Уақыт өте адамның жаман мінезі одан сайын нашарлап кетуі мүмкін. Кейде адамның жақсы қасиеттері де азайып кетеді. Әрине, жақсы қасиеттері еселеніп артуы да мүмкін. Оны жоққа шығармаймыз. Тіпті, сіз де түрлі өзгерістерден өтуіңіз мүмкін. Сондықтан егер серігіңізден одан сайын жаман болып кететін жағымсыз қылығын байқасаңыз, мұндай өзгеріске дайын ба екеніңізді ойлаңыз. Әрине, серігіңіз киімдерін жинамай, ыдыс жууға көмектеспесе, одан үй тираны шығады деп қорықпаңыз. Бірақ оның кей әрекеттеріне іштей келіспесеңіз және одан сізде күйзеліс пайда болса, онда ойлану керек. Бастысы, өзіңізбен адал болыңыз.
Серігіңізге шаршаңқы, боянбаған күйде көрінуге дайын болыңыз
Отбасы құру - өзіңізді және серігіңізді қалай бар солай қабылдау. Бірге өмір сүру кезінде бір-бірлеріңізді жан-дүниеңіз жағынан да, эстетикалық жағынан да онша емес түрде көретін түрлі жағдайларға тап боласыз. Шаршайсыз, ауырып қаласыз немесе салмақ қосып аласыз. Мұның барлығы - табиғи процестер. Бұл сізде және серігіңізде жиіркеніш сезімін туындатпауы керек. Сіздер бір бүтін болып өмір сүрген кезде ұят деген секілді түсінік жоқ. Әрине, отбасылы болу - жалқауланып, өзіңізге күтім жасамау деген сөз емес. Бұл жерде өмірде орын алуы мүмкін қиын кезеңдердегі жағдайлар жайлы айтылып тұр. Бұл кезде бір-бірлеріңізге шыдамды болып, қолдау көрсете білу керек.
Өзгеріске дайын болыңыз
Өмірлік серігіңізді таңдарда "оны өзгертіп аламын" деген ойдан аулақ болыңыз. Десе де, ұзақ уақыт бірге болу өзара келісімді қажет етеді. Өз серігіңіз үшін өзгерістің қажет екенін түсіне білген дұрыс. Әрине, оның көңілінен шығамын деп өз денсаулығыңызға, жан-дүниеңізге зардап келтіретін нәрселерге барудың қажеті жоқ. Бірақ компромисс таба білу маңызды. Қандай қиындыққа тап болсаңыз да, өзара түсіністік пен бір-біріңізге деген құрмет қарым-қатынасты қатайта түсіреді.
Отбасылық бюджет
Отбасы болғаннан кейін отбасылық бюджет секілді жалықтырғыш сұрақтарды шешу керек болады. Материалдық сұрақ - талқылауға арналған көңілді нәрсе емес, бірақ екеуіңізге де ақшамен байланысты проблемаларды шешуге дайын болуларыңыз керек. Жұмыстан шығып қалу, дағдарыс, баланың дүниеге келуі - екеуіңіз бірге шешу керек нәрселер. Егер өзіңізден және серігіңізден бюджетін бөліскісі келмейтінін байқасаңыз, күйеуге шығу жайлы әлі де ойлану керек.
А. Жапатова