Танымал әнші Тамара Асар Қыдырәлі мен Қарақаттың "күміс тойына" барған соң өзінің тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тамара Асардың күйеуі Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін "біз де той жасайық" деген ұсыныс айтыпты. Осы оқиғадан кейін әнші пандемия кезінде тұрмысқа шыққанын айтып, әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тың ақпарат бөлісті.
Тамара Асар пандемия кезінде Маңғыстау өңірінен Қостанай қаласына келін болып түскен екен.
"Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін, жолдасым "біз де той жасайық" деген ұсыныс айтты. "Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік" дедім. Біздің тойымыз карантин кезінде алты адаммен өтіп еді. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым", - деп жазды Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әнші осы күнге дейін пандемия кезінде өткен тойы туралы ешжерде айтып, сурет жарияламаған екен.
"Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін", – деп жазды әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!