- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрмысқа шығуға дайын...
Тұрмысқа шығуға дайын екеніңізді қалай білуге болады?
Тұрмысқа шығу – өмірдегі маңызды қадамдардың бірі. Ер адамның ұсынысын қабылдамас бұрын тұрмыс құруға дайын екеніңізге сенімді болуыңыз керек. Оны қалай білуге болады?
Серігіңізді қалай бар солай қабылдайсыз
Қарым-қатынастың басында ғашықтар бір-бірін мінсіз көреді. Алайда уақыт өте бір-бірінің кемшіліктері байқала бастайды. Осы кезде оларға бір-бірінің бұл ерекшеліктері аса маңызды емес екенін түсінуге біраз уақыт керек болуы мүмкін. Серігіңіздің кемшіліктеріне көне алатын болсаңыз ғана оған тұрмысқа шығыңыз. Ол тойдан кейін өзгереді немесе оны өзгертемін деп ойламаңыз. Адам өзі қаласа ғана өзгеретінін ұмытпаңыз.
Оған толықтай сенесіз
Қарым-қатынас берік болуы үшін серіктердің арасында міндетті түрде сенім болуы керек. Егер серіктер бір-бірінен күмәнданса, маңызды қадамға бармай-ақ қойған жөн. Мұндай қадамға бармас бұрын өзіңізбен жұмыс жасаңыз және неліктен басқа адамға сене алмайтыныңызды анықтаңыз.
Оның жанында өзіңізді қауіпсіз сезінесіз
Егер оның жанында өзіңізді мазасыз сезінсеңіз, оған тұрмысқа шығудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда неке өміріңзді жақсы жаққа өзгертпейді. Керісінше, ол қиындайды және қорқыныштарыңыз көбейе түседі. Тұрмысқа шығу ұсынысын қабылдамас бұрын оның жанында өзіңізді еш жасандылық танытпай, шынайы ұстай аласыз ба және ол сізге қауіпсіз және жайлы орта жасауға тырыса ма ойланыңыз.
Сізге той емес, неке маңызды
Көпшілік қыз салтанатты ақ көйлек киюді, үлкен той жасауды және басқа да той атрибуттары жайлы бала кезінен армандайды. Сол үшін кей қыздар той үшін әлі дұрыс танып білмеген ер адамның тұрмыс құру ұсынысын қабылдауы мүмкін. Егер той емес, одан кейінгі өмір маңызды екенін түсінсеңіз, тұрмыс құруға дайынсыз. Бірақ серігіңіз де бұл жағдайға солай қарайтынына көз жеткізіңіз.
Қаржылық жағдайыңызды жақсарттыңыз
Тұрмысқа шықпас бұрын өзіңіздің жеке жинағыңыз болғаны абзал. Отбасы болғаннан кейін ерлі-зайыптылар түрлі қаржылық проблемаларға тап болуы мүмкін. Әрине, көп нәрсе тәжірибемен келеді. Десе де, тұрмыс құрмай жатып, әйел алдымен өзін қамтамасыз етіп үйренгені жөн. Өзіңіздің жеке табысыңыздың болуы сізге сенімділік береді.
Сурет: pixabay.com
Оның жанында өзіңізді жақсы және сенімді сезінесіз
Серігіңіздің жанында өзіңізді қалай ұстайтыныңызға мән беріңіз: оның жанында сізге қандай ойлар келеді, сіздің әлемге деген көзқарасыңыз қалай өзгереді, не жайлы сөйлескіңіз келеді. Егер оның жанында одан сайын дамығыңыз келсе және эмоционалды тұрғыда өзіңізді жақсы әрі жайлы сезінсеңіз, онда бәрі жақсы.
Бірақ егер оның жанында өзіңізге деген сенімділігіңіз түсіп кетсе, ол сізге сын айта берсе, қарым-қатынасты жалғастыру керек па жоқ па ойланыңыз.
Жанжалды шешуді білесіз
Жанжалдан қашудың қажеті жоқ, серіктер бір-бірін ести алуы керек. Келіспеушілік кезінде серігіңіз өзін қалай ұстайтынын бақылаңыз. Келіспеушілік кезінде сөйлемей қалу, ештеңе болмағандай күй жасау немесе дауыс көтеріп айқайласу дұрыс емес. Ең бастысы, бір-біріңізбен сөйлесе алуыңыз және тыңдай алуыңыз керек. Проблеманың неде екенін түсінуге тырыссаңыздар және қандай жағдай болмасын бір-біріңізді құрметтесеңіздер, неке құруға дайынсыз.
Некені барлық проблемадан құтқаратын нәрсе деп қабылдамайсыз
Көпшілік қыз есейгесін тұрмысқа шығу керегін және дүниеге бала әкелу керегін естіп өседі. Сондықтан кей қыздар есейген шақта өмірдегі өз жолын таба алмай, өзінің не қалайтынын дұрыс түсіне алмай жүруі мүмкін: ол оның өмірін өзгертетін, өміріне мән сыйлайтын ер адамды күтеді. Алайда тұрмыс құрмай жатып өзіңіздің қалауыңызды анықтаңыз, өмірде немен айналысқыңыз келетінін, қай жағынан дамығыңыз келетінін анық білуіңіз керек. Тұрмыс құру өмірдегі барлық проблемалардан арылтпайды. Отбасы құрғаннан кейін де өмірде жақсы да, жаман да жағдайлар болатынына дайын болуыңыз керек.
Оқи отырыңыз: Қыздар, сақ болыңдар! Сараң жігіттің бес белгісі
А. Жапатова