- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тұрмысқа шығатын уақыт...
"Тұрмысқа шығатын уақыт келді". Гүл шоғын қағып алған әйел Қазнетті шулатты
Қазақстанда той маусымы қызу өтіп жатыр. Әдетте, осы кезде Желіде қазақстандық мерекелерден видеолар жарияланады. Осындай бір видео туралы қызықты TengriMIX бөлісті.
TikTok-та жарияланған видеода қыздар мен әйелдер қалыңдықтың артында тұрып, дәстүр бойынша той гүлін күтеді. Бірақ жиналған қыздардың бірі тұрмыс құруға асықпайтын сияқты, сондықтан гүл қағып алғысы келмейді.
Қыздың туысы оған тұрмыс құратын уақыты жетті деп бәрін өз қолына алған. Ол гүл шоғын түк қысылмай, еппен қағып алып, уайымы жоқ қызға табыстады. Қыздың реакциясы әлеуметтік желі қолданушыларын қызықтырды.
"Қалыңдық гүлін алғың келмейді, бірақ туыстарың тойыңа қатты барғысы келеді", - деп жазды видео авторы.
@carinele Считаю, что это на миллион просмотров! ? #рек #рекомендации #свадьба #букетневесты ♬ оригинальный звук - Karina
TikTok-тағы видео миллион қаралым, шамамен 116 мың лайк пен 300-ден аса пікір жинады.
"Кім қағып алды? Ол", "Қыздың жолы болмады", "Күнімді күн қылды", "Дәл сол туыс", - деп қолданушылар әзілмен пікір жазған.
TengriMIX тілшісі видео авторына хабарласты. Ол бұл видеоның қалай түсірілгені туралы айтып берді. Қыздың есімі Карина. Ол 22 жаста. Алматы облысындағы тойда қонақта болған.
"Видео маусымда сіңлімнің тойында түсірілген", - дейді ол.
Бейнені TikTok-қа жүктегенде мұндай танымалдылыққа ие болады деп күтпеген. Гүл шоғын қағып алып, Каринаға берген әйел әпкесі екен.
"Мен соншалық көп қаралым жинайды деп ойламадым. Видео маған күлкілі болып көрінді, өйткені әпкемнің мұндай жоспары барын білмедім", - дейді Карина.
Бойжеткен қазір Алматыдағы студиялардың бірінде маникюр маманы болып жұмыс істейді. Айтуынша, оның әзірге тұрмысқа шығу жоспарында жоқ.
С. Бөлек