"Тұрмысқа шығасыз". Жұлдыз Әбдікәрімова қызық түс көргенін айтып, оқырмандарын ойландырып қойды

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қызық түс көргенін айтып, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Түс көрдім. Биік мінберде екенмін. Қасымда таныс та бейтаныс жан болды. Ол ненің белгісі екен а?" - деп сұрады ол.

Желі қолданушылары бұл түсті әрқилы болжаған.

"Оскар аласыз", "Болашақ Президентке күйеуге шығып кетесіз", "Тұрмысқа шығасыз", "Өзіңе жаңа серік табасың", - дейді олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз