Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Zamandas подкастында бөлісті. Айсәуленің айтуынша, бұл жағдайдан соң ол қатты күйзеліске түскен.
"Әкем мен анамның арасындағы жанжалды ауыр қабылдадым. Ол кезде мен де күйзелісте жүрдім. Ең қиыны, ата-анаңның ұрысын көру. Күнім түрме мен аурухананың арасында өтті. Сол төрт ай өмірімді толық өзгертті", – дейді ол.
Оның айтуынша, сол уақытта күйеуімен де қарым-қатынасы қиындап кеткен.
Айсәуле бүгінде әкесімен арасы жақсы екенін айтты.
"Үнемі сөйлесемін. Түрмеге күнде баратынмын. Оған да, маған да көмек қажет болды. Әкем жақсы әке бола білді. Анам да араласып тұрыңдар дейді", – деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!