- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түрмеден шыққан Мұрат...
Түрмеден шыққан Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер атанды
Жақында бостандыққа шыққан блогер Мұрат Әбділдә бірден үш рекорд орнатып, миллионер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай есептеулерді Politico саяси-әлеуметтік порталы жүргізген. 18 қыркүйекте TikTok-та басқа блогермен батлға шыққан Мұрат Әбділдә бірден үш рекорд орнатқан.
Ең әуелі ол TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд жаңартқан. Блогер жарты сағаттың ішінде 151,5 миллион лайк жинап үлгерген.
Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд саналады.
Үшінші рекорд - Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен.
Сонымен қатар тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 "алмас" жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңгеге бағаланады.
Еске салайық, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әлеуметтік желідегі әндерімен танымал.
Мұрат Әбділдә биыл 9 қыркүйекте мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева