- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түрмеден шыққан ер...
Түрмеден шыққан ер адам әйелін қызғаныштан буындырып өлтірді
Самарқандтағы "Нұрлы йул" қонақүйінде 30 жастағы әйелді күйеуі тұншықтырып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін Самарқандтағы "Нұрлы йул" қонақүйінде тұншығу белгілері бар 30 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Самарқанд облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 97-бабы ("қасақана кісі өлтіру") бойынша қылмыстық істің ашылғаны туралы хабарлады.
Әйел Самарқандқа Ташкенттен өзінің танысының шақыруымен ақша табуға келген.
Қайтыс болған әйел түрмеде жазасын өтеп жатқан адаммен азаматтық некеде болған. 8 шілде күні ер адам босатылып, ерлі-зайыптылар қонақүйдегі бөлмені жалға алған.
Түнде әйелге бейтаныс адам қоңырау шалып, құрбысын сұраған. Күйеуі оны бейтаныс адаммен сөйлескеніне қызғанышпен қарап, жанжал шығарған. Сосын әйелін сөмкенің бауымен тұншықтырып, өлтірген. Кейін ол қашып кеткен.
Марқұмның денесі 9 шілдеде сағат 02:30 шамасында табылды. Оның өліміне күдікті ер адам ұсталды.
Еске сала кетейік, осыған дейін 5 адамның бір әйелді жабылып, аяусыз ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалғанын хабарлаған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Алғабек