Шығыс Қазақстанда колонияда бір күнде төрт жұп үйленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жағдай №17 және 23 түзеу мекемелерінде өткен. Үйленіп жатқан ерлер жазаларын өтеп жатса, ал қалыңдықтары бостандықта. Ресми ақпаратқа сүйенсек, колонияда қиылған некенің еркіндіктегімен салыстырғанда айырмашылығы жоқ. Күйеуіне қатысты заңнама нормалар орындалып, мүлік бөлісу қағидасы сақталмақ. Тек жолдасы жазасын өтеп жатқандықтан, бірге тұра алмайды.
Бұл күні үйленген жұптың бірі Борис пен Юлия (есімдері өзгертілген - еск.) бес жылдан бері таныс. Жас жұбайдың сөзінше, алғашқы некелері сәтсіз болған. Екеуі бір жерде жұмыс істеп, уақыт өте сезімдері беки түскен. Екі жыл азаматтық некеде тұрып, кейін үйленбек болғанда, Борис үш жылға бас бостандығынан айырылған. Олар ұзақ уақыт ойланып, осы жолы бір шешімге келген.
Колония өкілдерінің мәліметінше, жас жұбайлар сақина алмасып, неке куәлігін алған.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!