- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түрмедегі бүлік 40-тан...
Түрмедегі бүлік 40-тан аса әйелдің өліміне әкеп соқты
Фото:
twitter.com/SSEGURIDADHN
Гондурастағы қатаң режимдегі әйелдер түрмесінде болған тәртіпсіздіктен шамамен 41 тұтқын қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.
Гондурас астанасы Тегусигалпа маңындағы Тамара қаласының қылмыстық-атқару мекемесінде Mara Salvatrucha және Barrio 18 топтарының мүшелері арасында қақтығыс болды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, 25 әйел өртеніп, 16 адам қару қолдану салдарынан қаза тапқан.
Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары түрме аумағындағы қауіпсіздікті күшейтті. Мекеме аумағында төтенше жағдай режимі жарияланды, тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін қатаң шаралар туралы бұйрық берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова