Instagram-да тараған роликтің авторы Қазақстандағы түрмелерде 14 жастан асқан жасөспірім қыздар көп деп мәлімдеді. Автордың сөзінше, олар "есірткі жасырғаны" үшін бас бостандығынан айырылған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған пенитенциарлық мекемелерде 5 қыз бар. Олардың біреуі ғана есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!