- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Түрме адамды бұзады“....
“Түрме адамды бұзады“. Хит әннің авторы шығармашылыққа қайтып оралды
Кезінде хит болған "Аппақ қар" хитінің әні мен сөзін жазған Байділдә Әбділдаев шығармашылықтан неге алыстап кеткенін айтып, сұхбат берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астарлы ақиқат" бағдарламасына берген сұхбатында өнер иесі қайта ән жазып бастағанын айтты. Алайда елімізде өнер адамдарына тиісті көңіл бөлінбейтінін жеткізді.
"Аппақ қар" әнінің авторымын. Өнер жолында табыс табу кішкене қиынырақ. Бала-шаға асырау керек. Осылай жұмысқа алып кетеді. Бағасына келісесің. Екі адам болса, 30 мыңды 15 мыңнан бөліп аласың", – деген ол жалданып жұмыс істейтін өмірі туралы баяндап берді.
Байділдә Әбділдаев түрмеге отырып шыққанын, одан кейін өмірі де, өзі де қатты өзгергенін де жасырмады.
"Ресейде екі әні хит болса, сарай соқтырып алады екен. Гонорар көп төленеді. Ал бізде жағдай – осы. Үкімет ән авторларына бюджеттен жәрдемақы бөлсе деймін, болмаса бұрынғыдай мәдениет үйінде жақсы ақша төлесе дейсің. Сонда бәрі өнерде жүретін еді. 2016-да үкімет заң шығарып, 2018 жылы түрмеге түстім. Бір жыл түрмеде отырып, екі жыл бақылауда болдым. Түрмені түзеу мекемесі дейді ғой, меніңше, түрме адамды бұзады. Сол жақта денсаулық құриды, мінез де құриды екен. Бұзық достарым да көбейді. Енді олармен араласпай тастап кетпейсің ғой. Қазір шығармашылықты қайта қолға алып жатырмын. Жақында ТикТок желісінде "Ғашық бол" деген жаңа әнім хит болды", – деді ол сұхбатында.
Айта кетейік, дәл осы бағдарламада қонақ болған "Аспанға қараймын" әнінің авторы да Абай Бегейге ренішін білдірген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева