- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түріктің танымал актрисалары...
Түріктің танымал актрисалары тойларына қандай көйлек таңдады?
Түркияда дәстүр жақсы сақталған. Түріктердің тойы десе, көзімізге дәстүрлі салтанатты безендірілген көйлек пен көп алтын әшекей елестейді. Алайда қазір қалыңдықтар той көйлегін заманауи трендтерді ескере отырып таңдайды. Түріктің танымал актрисалары қандай көйлекпен тұрмысқа шықты?
Неслихан Атагюль
"Қара махаббат" сериалының жұлдызы Неслихан Атагюль 2016 жылы актер Кадир Догулге тұрмысқа шықты. Қалыңдық Vakko Wedding көйлегін таңдады.
Фахрийе Эвджен
Бурак Озчивит мен Фахрийе Эвджен жұбын Түркиядағы ең әдемі жұп санайды. Олардың махаббаты сериалға түсу кезінде пайда болды. Олар 2017 жылы үйленді. Фахрийе тойға арты ашық шілтерлі көйлек таңдады.
Демет Оздемир
Демет Оздемир 2022 жылы музыкант Огузхан Кочаға тұрмысқа шықты. Олар өздері ойлаған күні тойды өткізе алмады, себебі Ыстабұлда жаңбыр жауып тұрды. Сондықтан салтанатты кешті бірнеше күнге кейінге қалдырды. Демет тойға екі көйлек киді. Ол атластан тігілген той көйлегін таңдады.
Башак Гюмюлджинелиолу
"Есігімді қақ" сериалының жұлдыздары Башак Гюмюлджинелиолу мен Чагры Чытанак 2022 жылдың соңында үйленді. Қалыңдық минимализм стиліндегі әдемі атлас көйлек таңдады.
Озге Гюрель
Актриса Озге Гюрель актер Серкан Чайоглуге тұрмысқа шықты. Бұл жұп Италияны ерекше жақсы көреді, себебі олардың махаббаты 9 жыл бұрын сол жақта пайда болған. Сондықтан олар тойды сол жақта өткізуді шешеді.
Эбру Шахин
Актриса Эбру Шахин тойына корсеті бар минимализм стиліндегі көйлек таңдады.
"Сүлеймен Сұлтан" сериалында Хюрремді ойнаған актриса қазір қандай?
А. Жапатова