Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысы бар Алматының 60 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
Күдікті Алматы қаласына жетіп алу үшін өзге біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен.
"Ол күндізгі сағат 14:30 шамасында автотұрақта тұрған ВАЗ-2107 автокөлігіне көзі түскен. Ер адам алдымен күдік тудырмас үшін ұрланған көліктің нөмірлерін шешіп алып, дәл сондай өзінің көлігінің нөмірлерін орнатқан. Артынан көліктің есігін бұрағыш құралымен ашып, қылмыс орнынан бой тасалаған", - деп жазылған хабарламада.
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Алматы қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазір күдіктіге қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!