Бұрын-соңды Түркістанда болмадыңыз ба? Ендеше осы көктемде баратын сәті түсіп тұр! Елестетіп көріңізші: көктемгі күн сәулесі, таза ауа, гүлдеп тұрған бақтар және ұлы тарихи ескерткіштер. Көктем - Түркістанға саяхаттайтын ең қолайлы кез, мың жылдық тарихы бар бұл қала сізді өз атмосферасымен баурап алады. Оған қоса 17 мамырда Түркістанда керемет музыкалық фестиваль өтеді. Сіз үшін арнайы топтама жасадық, оны оқығаннан кейін Түркістанға билет сатып алғыңыз келеді.
Мамырда Түркістандағы ауа райы өте жайлы болады. Күндіз шамамен 25-30°C, түнде салқын әрі жайлы, небәрі 15-18°C. Аптап ыстық болмайды, тек қалада ұзақ серуендеуге ыңғайлы жазғы жылы леп соғып тұрады.
Мамырда қала да, оның айналасы да гүлдейді! Бақшаларда шабдалы, өрік және тұт пісе бастайды, ал ауадан гүлдеп тұрған анар мен жүзімнің хош иісі аңқиды. Далада көкнәр мен құртқашаш гүлдей түседі, бұл уақытта Түркістанның табиғаты таңдай қақтырады!
17 мамырда тарихи қалада ауқымды музыкалық іс-шара Turkistan Fest өтеді. Бір сахнада ең үздік әртістер өнер көрсетеді: SADRADDIN, Қазыбек Құрайыш және Roza Zergerli. Бұл фестиваль заманауи музыка мен қаланың ерекше атмосферасын ғасырлар бойғы тарихымен тоғыстыра отырып, көктемнің ең жарқын оқиғаларының бірі болмақ.
Жұлдыздармен кездесетін орын - "Түркістан Арена", 7000 көрерменге арналған жаңа, үлкен спорт ғимараты.
Билетті Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің бағасы өте қолайлы: бар болғаны 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін. Оның үстіне фестивальге бір ай қалғанда жеңілдік болады және би алаңына билет бар болғаны 5 мың теңге тұрады!
Керемет атмосфераны сезіну, әртістермен жанды қарым-қатынас және фестивальдің энергетикасы өмір бойы есіңізде қалады деп сенімді түрде айта аламыз. Turkistan Fest келуге тұрарлық фестиваль екені сөзсіз!
Гүлденген бақтар мен көне ескерткіштердің фонындағы сәттерді суретке түсіріп алыңыз. Гүлдер, жасыл желектермен қоршалған атақты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің фонындағы образыңыз қандай болатынын елестетіп көріңізші. Бұл суреттер нағыз өнер туындысы ғана емес, сонымен қатар, Орталық Азияның ең әдемі әрі тарихи маңызды қалаларының біріне сапарыңызды еске салады. Әрине, фотосессия шіліңгір күннің астында өтпейді.
Әрине, тамақты қалай айтпай кетуге болады?! Ұзақ та, қызық серуендерден кейін өзіңіз де жергілікті дәмханаларға бас сұғасыз.
Түркістандағы тағамдардың бағасы сізді таңғалдырады. Бұл қаланың дастарханындағы дәм ұлттық тағамдарымен танымал. Мұнда тамақтану саласы қатты дамыған. Тамақ ішу үшін дәмхана мен мейрамханаларға барудың қажеті жоқ, кем дегенде бір рет көше тағамдарын жеуге кеңес береміз.
Тіршілік қайнаған көшелерде саудагерлер ыстық тандыр самсалар сатады. Бағасы ішіндегі салмасына байланысты, бір данасы орташа есеппен 300-400 теңге тұрады.
Базар мен шағын дәмханаларда палау мен кәуаптан дәм татыңыз. Бұл тағамдар оңтүстіктің визит картасы іспетті.
Нағыз шығыс қонайжылығын сезініп, Түркістанның бірегей мәдениетімен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Билет сатып алыңыз да, сөмкелеріңізді жинап, сізді бей-жай қалдырмайтын осынау таңғажайып қалаға сапар шегіңіз. Түркістанға ұшақпен, пойызбен немесе өз көлігіңізбен жете аласыз.
Серіктестік материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!