- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанға ерекше мәртебе...
Түркістанға ерекше мәртебе беріледі: депутаттар тиісті заңды қарастырады
Мәжіліс депутаттары "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңды қарайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжат 2022 жылғы 27 қыркүйекте Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде берілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген.
"Заң жобалары Түркістан қаласын дамыту үшін тиімді институционалдық орталық құруға, Түркістан қаласының Қазақстанның рухани және тарихи орталығы ретінде қызмет ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға, Түркістан қаласына құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Нұртай Сабильянов.
Мәжіліс депутаттары тиісті заңды қарастырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен