Түркістан облысында полиция тұрғынның ауласынан есірткі сорасын тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Төле би ауданының полицейлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді егумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде полицейлер күдіктінің ауласынан құрамында есірткі заты бар сора өсімдігінің түптерін тауып, тәркіледі. Алынған есірткі затының жалпы салмағы 1 келіден асады.
Қазіргі таңда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!