- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістандықтар 3,5 жылға...
Түркістандықтар 3,5 жылға ұзақ өмір сүретін болған - министрдің орынбасары
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков түркістандықтардың өмір сүру жасы 3,5 жылға ұзарғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын дайындағанда талдау жүргіздік. 2018 жылы Түркістан облыс орталығы болды. Бұл жағдай халықтың әл-ауқатын қалай өзгертті? Біріншіден, халықтың өмір сүру ұзақтығы – 70 жастан 73,5 жасқа дейін, яғни 3,5 жылға ұзарды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш", – деді Бауыржан Омарбеков.
Сондай-ақ өңірде кәсіпкерлік те дами бастаған.
"Екіншіден, 2018 жылы өңірде шағын және орта бизнес субъектілердің саны 10 мың болса, бүгінде олардың саны 2 есе өсіп, 22 мыңға жетті. ШОБ көрсеткішінің өскені бюджетке де өз әсерін тигізді. 2018 жылы қаланың өзіндік табысы 3,1 млрд теңге болса, қазіргі көрсеткіш 10 есе өсіп, 32 млрд теңге болды", – деді вице-министр.
Бұған дейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында құрылыс салуға шектеу қойылатыны хабарланған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен