Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі
Фото:
polisia.kz
Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмән туғызған Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген. Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды.
Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан