- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістандық оқушы еліміз...
Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинады
Фото:
өңірлік коммуникациялар қызметі
Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады. Бұл - әзірше еліміз бойынша ең жоғары нәтиже, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Айдос Қожанов 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта "Грант" мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.
Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтініш берген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан