Түркістан тұрғыны көлігіне мемлекеттік нөмірдің орнына былапыт сөз орнатқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері тексеріс кезінде жол қозғалысы ережелері бұзылғанын анықтаған.
"Қалалық саябақ маңындағы Ерубаев көшесінде полиция қызметкерлері Hyundai маркалы көлігін байқаған. Оның жүргізушісі мемлекеттік нөмірдің орнына ұятсыз сөз орнатқан. Олар жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту және анықтау бойынша жедел шаралар қабылдаған. Түркістан тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, - деді полицейлер.
Көлік айыппұл тұрағына қойылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!