- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістандық әйел алтынға...
Түркістандық әйел алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 миллион теңгеге өткізген
Түркістан облысының тұрғыны алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 миллион теңгеге өткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түскен. Шағымданушы ер адамның айтуынша, әйел сеніміне кіріп, алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, 4 миллион теңге шығын келтірген.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынды. Жергілікті тұрғын анықталды. Тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған.
Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған.
Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан