- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістандық 74 жастағы...
Түркістандық 74 жастағы қария 45 келі болатын бөренені көтеріп, көпшілікті таңғалдырды
Фото:
Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістанда "Өнерлі өлке" облыстық өнер фестивалі аясындағы Ордабасы ауданының мәдениет күндері жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Іс-шараны тамашалауға келген түркістандық 74 жастағы қария 45 келілік бөренені он рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды.
Сонымен қатар арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, асық ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу секілді ұлттық ойындар дәріптелді. Белсене атсалысып, жеңіп шыққан қатысушылар марапатталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан