The Spirit of Turkistan географиясын кеңейтті: 23 қыркүйек күні KaravanSaray Arena алаңында 6 елдің музыканттары өнер көрсетеді. Фестивал аясында Ыстамбұлға 4 жолдама ойнатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйгілі The Spirit of Tengri брендінің жеке жобасы биыл Түркістанда екінші рет өтпек. Бұл жолы Қазақстан музыканттарымен бірге сахнаға Мажарстан, Италия, Түркия, Тәжікстанмен Өзбекстаннан келген өнер ұжымдары шығады.
Топ 2011 жылы "Шыңғыс ханның ізімен, Тәңірді іздеу" экспедициясы кезінде құрылды. Музыканттар жолда 1 сағаттық бағдарлама әзірлеп, Алтай өлкесі мен Моңғолия қазақтарының алдында өнер көрсеткен. Аты жоқ топты алғаш рет жариялайтын кезде Рүстем Әбдірашев ұжымға экспедицияның атын қойып, сахнаға "Тенгри" болып шығуды ұсынады. Музыканттар режиссердің ұсынысын құп көрген. Топ сахнада қазақтың күйлері мен дәстүрлі әндерін заманауи өңдеуден өткізіп, орындайды.
Ұжымның негізін 2000 жылдардың ортасында француз эмигранты, саксофоншы РишарЛаньепсе қалаған, ұжым шығармашылығының Анадолы мен Балқан дәстүрлері, фанк пен джаз ұштасқан, өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Kolektif Istanbul –сахнада өмір сүретін топ: мухыканттар импровизация жасауды, түрлі фестивальдерге қатысып, тыңдармандарының ауқымын кеңейткенді жақсы көреді.
"Біз үшін әр концерт – кішігірім мереке, ал белгілі бір елге алғаш рет баратын болсақ, бізден бақытты адам жоқ! 23 қыркүйекте Қазақстанға барамыз. Кездескенше!", – деп жазды топ Instagram парақшасында.
Топ атауының нақты аудармасы жоқ. Бұл сөзді қандай да бір түсініксіз немесе күрделі нәрсені білдіру үшін қолданылады. Италиялық квинтеттің музыкасы қарапайым жанрлық жіктеуге жатпайды, онда сыған және тропика стильдері, регги, даб, психоделия мен хип-хоп стильдерінің ерекше үйлесімі бар. Топтың жанды дауыстағы өнерін тыңдарман эмоциясына әсер етуі жағынан америкалық аттракционға ұқсатады. Veeble музыкасын қуатты ритм-секция, ырғақты гитара мен үрмелі аспаптардың сүйемелдеуі құрайды.
Сондай-ақ, фестивальде Мажарстан, Тәжікстан, Өзбекстан музыканттары да өнер көрсетеді.
Түркістандағы фестивальде FlyArystanөкілдері Ыстамбұлға 4 билет ұтысын ұйымдастырады. Қатысушылар маскоттағы арнайы QR-кодты сканерлеп, сауалнама парағына өтіп, оны толтыруы тиіс.
Ұтысқа қатысу үшін маскотпен суретке түсіп, Instagram парақшаңызда Stories-те жариялау керек (парақша ашық болуы тиіс және маскотпен түскен сурет Stories-те 24 сағат бойы тұруы керек).
Ұтыс жеңімпаздары сахнада рандомайзер арқылы анықталады, егер жеңімпаз сол кезде сахна маңынан табылмаса, сыйлығы келесі қатысушыға беріледі.
Сондай-ақ, TheSpiritofTurkistan қонақтары қазақтың ұлттық ойындары сайысына қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, өзгеше handmade бұйымдар сатып ала алады. Ал шығыс базарында шығыс тәттілерін сатып алып, тандырдан шыққан тағамдардың дәмін көруге болады.
Фестивальге кіру – тегін.
The Spirit of Turkistan фестивалі Kazakh Tourism қолдауымен өтіп жатыр. Жобаның бас серіктесі – Kaspi.kz.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!