- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда зейнеткерлердің үйі...
Түркістанда зейнеткерлердің үйі жанып кетті
Түркістанда зейнеткерлер өрт салдарынан баспанасыз қалды. 80 жастағы қария бір апта бойы көшеде тұрып жатыр, - деп хабарлайды otyrar.kz.
Қайғылы оқиға 16 маусымда таңертең Амангелді көшесінде болған. Зардап шеккендердің айтуынша, өрттің себебі электр тогының тұйықталу болуы мүмкін. Тоңазытқыш пен мұздатқыш бір токқа қосылып тұрған, дәл осы бөлмеден өрт шыққан.
Басылым мәліметінше, үйде газ баллоны да болған. 80 жастағы зейнеткер құтқарушылар келгенге дейін оны қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алған. Өртсөндірушілердің айтуынша, бірнеше минут ішінде өрт бүкіл үйді шарпыған. Зейнеткерлер түрлі дәрежедегі күйік алған.
Төтенше жағдайлар департаменті осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"35 шаршы метр кіреберіс 2 бөлме және үйге жапсарлас 7 шаршы метр жазғы ас үй өртенді. Өрт 10.02-де ауыздықталып, 10.32-де сөндірілді", - деді департамент өкілі.
Тастанбек қария көшеде тұруға мәжбүр. Оның үстіне, қамқорлығында мүгедек әрі психологиялық ауытқушылығы бар жігіт тұрады.
"Әкімдік көмектесті. Олар келіп, суретке түсіре бастады. Содан кейін 1 КамАЗ жіберілді және 10 адам келді. Олар өрттен кейінгі қалдықтарды тазалауға көмектесті. Бірақ біздің өмір сүретін жеріміз жоқ. Жаз тез өтеді, күз келіп қалды", - дейді зардап шеккендер.
Зейнеткер үйді өз күшімен қалпына келтіруге тырысатынын айтқан. Ол жергілікті билік, депутаттар мен қала тұрғындарынан материалдық және физикалық көмек боларына үміттенеді.
Ж. Қадыржанова