Түркістанда зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапқан болатын. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 1949 жылы туған науқас жедел жәрдем көмегімен 13 тамызда сағат 18:15-те Түркістан қалалық орталық ауруханасының жарақат бекетіне түскен.
"Келген кездегі науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болды. Кезекші реаниматолог, хирург, травматолог, кардиолог дәрігерлері қарап жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда, науқастың жағдайы күрт төмендеді. Өкпе-жүрек реанимациясы жасалып, 50 минут шамасындағы алғашқы өкпе-жүрек реанимациясы өз нәтижесін бермеді. Сағат 18:40-та клиникалық өлім тіркелді. 19:30-да биологиялық өлім тіркелді", - деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Түркістанда лифт шахтасына құлап қаза тапқан әжейдің видеосы пайда болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!