Түркістанда үйінен қашқан жасөспірім қыздар жалдамалы пәтерде жатқан. Ал полицейлер жоғалған екі жасөспірім қызды үш күн бойы іздеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан полициясына екі әйел арыз жазған. Олардың айтуынша, олардың бірі 10-сыныпта, екіншісі 9-сыныпта оқитын қыздары үйден шығып, оралмаған.
Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен қонақүйлерді тексеріп, жоғалған жасөспірімдердің суреттерін автобус жүргізушілеріне көрсеткен.
"Үш тәулік іздеуден кейін қыздарды облыс орталығындағы 1-шағын ауданындағы жалдамалы пәтерден тапты. Осылайша, мектеп оқушылары отбасыларына оралды. Екі жасөспірім пәтерді өздері жалға алып, онда үш күн түнеген. Қазіргі уақытта оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Ата-аналарымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады Түркістан облысының полициясы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!