Түркістанда орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімі үшінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Саттар Ерубаев көшесінде сағат 19:45 шамасында болған. Әйел полицияға қоңырау шалып, оның пәтерінде ұрлық болғанын хабарлады. Алынған өтініш бойынша құқық қорғау органдары күдіктіні ұстау үшін Ұлттық ұланның әскери жасағына дереу ақпарат берді.
Жарты сағаттан кейін полицейлер келісілген әрекеттерінің нәтижесінде күдікті қылмыс жасалған жердің жанында ұсталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!