Түркістандық полицейлер тұрғынды тонап, ақшасы мен телефондарын тартып алған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Келес аудандық полиция бөліміне брокер болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ Iphone екі телефоны болған барсеткасын тонап кеткенін хабарлады.
Шығын - 2,7 миллион теңге.
ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 6 күдікті ұсталды.
Олар Келес ауданы мен Шымкент тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ПБ-ге жеткізілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!