Түркістанда тойдағы кортеж жауапкершілікке тартылумен аяқталды

Түркістанда тойдағы кортеж жауапкершілікке тартылумен аяқталды
Фото: ІІМ

Түркістанда полицейлер қауіпті той кортежін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел шаралар нәтижесінде кортеж құрамындағы көліктер тоқтатылып, жүргізушілердің әрекеті тексерілген.

ІІМ мәліметінше, олар жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіріп, қауіпті маневрлер жасаған. 

"BMW, Toyota және Mercedes-Benz маркалы көліктердің жүргізушілеріне жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау талаптарын сақтамау деректері бойынша әкімшілік шара қабылданды. Сонымен қатар, жүргізушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget