Түркістанда тоғыз айлық балаға шұғыл ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық бала ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеріс барысында ол екі батарейка жұтып қойғаны анықталған.
Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бөгде заттың бірін алып шыққан. Екіншісі ішек жолына өтіп кеткендіктен, мамандар баланың жағдайын бақылауда ұстаған. Бірнеше күннен кейін ол табиғи жолмен шыққан.
Отадан кейін бала үш тәулік бойы жансақтау бөлімінде ем алған, қазір жағдайы тұрақталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова