- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда шенеунік 18...
Түркістанда шенеунік 18 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
Фото:
Tengrinews.kz
Түркістан облыстық Антикор қызметкерлері облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Олар жеке кәсіпкерді 18 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Қаражат Түркістанда коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан