Түркістанда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

Түркістанда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеткізді.

"Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді министр.

Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!