Түркістанда күйеуін буындырып өлтірген әйелге қатысты сот басталды. Екеуінің арасындағы жанжал ішімдік кесірінен басталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv тілшісі.
50 жастағы Лобар Хаджиева 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікпен сәуірде ұсталған. Содан бері үш ай тергеуде болған істің бүгін алғашқы сот отырысы өтті. Сот залына сотталушының қорғаушылары мен адвокаттары және жәбірленуші тараптың туыстары келді. Бірінші болып сөз алған Хаджиева кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.
Сотқа келген марқұмның азаматтық өкілі әрі туған ағасы бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Жәбірленуші тараптан сөз алған ол оқиғаның болғанын таңертең естіген. Ал істің толыққанды мән-жайын бұл отырыста прокурор баяндап берді.
"Хаджиева кешке ұлымен шай ішіп отырғанда күйеуі келіп ішімдікке ақша сұраған. Әйелден соңғы 1500 теңгесін алып кеткен. Бірер сағаттан соң ер адам үйіне мас болып келіп, жанжал шығарады. Әйелінің бетіне түкіріп жібереді. Ашуға булыққан Хаджиева күйеуін өлтіруге бел байлайды. Масаң күйде отырғанын пайдаланып, артынан белбеумен буындырған. Дәрменсіз ер адам сол жерде жан тапсырған", – деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Тоқтар Аманқұл.
Бүгінгі сот отырысында ерлі-зайыптылар 30 жыл отасқаны айтылды. Арада екі ұл, екі қыз бар. Біреуінің мүмкіндігі шектеулі. Адам өлтіру бабы бойынша жауапқа тартылған сотталушы кем дегенде 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!