- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда көршісінің немере...
Түркістанда көршісінің немере қыздарына "жыныс мүшесін ұстатқан" зейнеткер сотталды
Түркістанда зейнеткер көршісінің кәмелет жасына толмаған қыздарына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Оқиға 2022 жылғы 22 қазанында болған. 66 жастағы қария сот үкімімен кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық соттың мәліметінше, 1957 жылы дүниеге келген ер кісі көрші тұратын әжейдің үйіне қонаққа барған. Содан екі зейнеткер шай ішіп болған соң қария тынығып алу үшін сағат 14:30 шамасында қонақ бөлмеге барған. Ол жерде әжейдің 2012, 2014 және 2017 жылы дүниеге келген немере қыздары ойнап отырған. Осы кезде зейнеткер өзінің жыныс мүшесін жас қыздарға ұстатып, кейін олардың әуретті жерлерін ұстап, сүйіскен.
Қыздардың анасының әуеліде бұдан хабары болмаған. 2014 жылғы қызы тамақ ішуден бас тартып, тілі ауыратынын айтқан. Кейін әйелге не болғанын басқа екі қызы айтып берген.
Сотталушының кінәсі сараптама қорытындыларымен, іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен, оқиға болған жерлерді қарау және беттестіру хаттамаларымен дәлелденді.
Зейнеткерге Қылмыстық кодекстің 124-бабы 4-бөлігімен айып тағылды. Ол өз кінәсін мойындады.
"Сот үкімімен сотталушыға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар сотталушы психологиялық және педагогикалық тәрбиелеу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады облыстық сот.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан