- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда келелі жиын...
Түркістанда келелі жиын өтті
Түркістан қаласында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті, - деп хабарлады "Қоғамдық келісім" КММ-нің баспасөз қызметі.
Қ.А. Ясауи кесенесіне зиярат етіп, ата-баба рухына құран бағыштаудан басталған басқосу Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да жалғасын тапты.
Жиында баяндама жасаған Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев республикамыздың барлық өңірінде қоғамдық келісім кеңестерін құру жөнінде тапсырма бергендігін атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында облысымыздың барлық аудан, қалаларында 201 Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту бағытында нәтижелі жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
Келелі басқосуда зиялы қауым өкілдері мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары елдің бірлігін бекемдеу бағытындағы ойларын ортаға салды.
Жиында облысымызда жұмыс істеп жатқан барша кеңестердің басын қосатын «Келісім» қауымдастығын құру жөніндегі ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратовтың ұсынысына көпшілік қолдау білдірді.
T. Кіршібаев