Түркістанда кәсіпкерлер 5,7 миллиард теңге көлемінде несиені заңсыз алып келген. Бұл қаржы әлеуметтік кәсіпкерлер коорпарациясы тарапынан инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Прокурорлар мұны анықтап, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне ұсыныс түсірді. Тексере келе мамандар жылдық сыйақы 0,001 пайыздан 14 пайызға дейін қарыз беру коорпарацияның міндетіне кірмейтінін растады. Алайда корпорация басшылығы бұл айыптаумен келіспей, сотқа шағымданған.
"Инвестициялық жобаларға белгіленген несиелер бөлігін заңсыз деп тапты. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен келіспей, қазіргі таңда Түркістан облысының сотына аппеляциялық шағым келтіріліп, қазіргі таңда сотта қаралып жатыр", - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Бексұлтан Ерімбетұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!