- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда жергілікті тұрғынды...
Түркістанда жергілікті тұрғынды қараудан бас тартқан емханаға айыппұл салынды
Түркістан облысындағы емханалардың бірі жергілікті тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Омбудсменнің баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық көмек ала алмай жүрген ер адам Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне шағымданған.
Арызданушының айтуынша, белгісіз себептермен оның заңмен белгіленген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығы шектелген. Яғни, емхана ұжымы ер адамға көмек көрсетуден бас тартқан.
Осы дерекке қатысты омбудсменнің өңірлік өкілі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына ұсыныс жолдаған. Нәтижесінде ережені бұзғаны үшін медициналық ұйымға 160 мың теңгеден астам айыппұл салынып, жергілікті тұрғынның құқығы қорғалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан